What are you looking for?

Ақмола облысында автобус экскаватормен соқтығысып, бірнеше адам жарақат алды

06.12.2025

Бүгін Қарақаралы тас жолында, Қабанбай батыр және Қызылжар ауылдарының арасында, жолаушылар автобусы мен экскаватор соқтығсып қалған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Соқтығыс салдарынан автобус жүргізушісі кабинада қысылып қалды, ал бірнеше жолаушы түрлі жарақаттар алды. Қақтығыстан кейін экскаваторда өрт шықты.

Оқиға орнына құтқарушылар жедел жетті. Гидравликалық құралдардың көмегімен олар жүргізушіні абайлап босатып, жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырды. Жарақат алған жолаушылар ауруханаға жеткізілді. Экскаватордағы өрт толығымен сөндірілді. Қаза болғандар жоқ, — деп жазылған ТЖМ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Social Link

Follow Me On Social Media