What are you looking for?

Шымкентте 23 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егіледі

12.03.2025

Қала аумағында көктемгі егіс науқаны басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Шымкент қаласы әкімдігінің мәліметінше, биыл 23 мың гектар аумаққа ауыл шаруашылығы дақылдары егіледі.

Соның ішінде дәнді дақылдар – 7,0 мың га (бидай – 5,8, арпа – 1,2), майлы дақылдар – 3,3 мың га, мал азықтық дақылдар – 10,9 мың га, көкөніс пен бақша дақылдары – 1,7 мың га, картоп – 0,1 мың га егіледі, — делінген мәліметте.

Егіс көлемінен 81,0 мың тонна өнім жиналады деп күтілуде. Сонымен қатар 2025 жылға шаруашылықтардан жалпы 919 тонна дизель отынына өтінім қабылданған. Көктемгі егін егу жұмыстарына – 616 тонна, күзгі егін жинау жұмыстарына – 303 тонна жанар жағар май бөлінеді.

Social Link

Follow Me On Social Media