What are you looking for?

ІІМ көлік жүргізушілеріне үндеу жасады

10.12.2025

ІІМ ел аумағында күн райының күрт бұзылуына байланысты жол қозғалысына қатысушыларға үндеу жасады, деп хабарлайды Polisia.kz порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Қыс маусымында ауа райы мен жолдағы жағдай күрделене түседі. Осыған байланысты жол жүрісіне қатысушылардың өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында, біз жол иелерімен бірлесіп жылдамдыққа шектеулер енгіземіз, қажет болған жағдайда жолдарды толықтай жабамыз.

Қысқы кезеңде автожолдарда 3.24 "Жылдамдықты шектеу" белгілері қойылады. Ал Астана – Щучинск және Астана – Теміртау бағыттарында ауа райы нашарлаған кезде ғана жылдамдықты төмендетуге мүмкіндік беретін электронды таблолар – ауыспалы ақпарат беру белгілері қойылған.

Бұл белгілер боран, көктайғақ сияқты қолайсыз жағдайларда уақытша шектеулер енгізу үшін қолданылады.

Аталған белгілер стандарт талаптарына толық сәйкес орнатылған және басқа жол белгілері сияқты міндетті түрде сақталуға тиіс", — деді ІІМ ӘПК-нің ерекше тапсырмалар жөніндегі инспекторы Ақтоты Боранова.

Сонымен қатар жылдамдықты тіркейтін камералар белгіленген шектеуге автоматты түрде ауысады және көлік құралдарының рұқсат етілген және орташа жылдамдығын бақылайды.

ІІМ жолда жүру қағидаларын және енгізілген шектеулерді сақтауды сұрайды. Бұл шаралар сізге қолайсыздық туғызу үшін емес, қауіпсіздігіңіз үшін енгізіледі.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз

Social Link

Follow Me On Social Media