What are you looking for?

4,6 млн теңге қарызы бар жүргізуші ұсталды

13.03.2025

Әкімшілік полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзу туралы нұсқамаларды өңдеу кезінде "Toyota Vellfire" маркалы автокөлігін анықтады. Соңғы екі ай ішінде ол жылдамдық режимін 89 рет бұзып, жалпы сомасы 4,6 миллион теңге айыппұлға ие болған.

Жамбыл облысының полицейлері 4,6 миллион теңге қарызы бар жүргізушіні ұстады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, аталған көліктің 27 жастағы жүргізушісі жол қозғалысы ережелерін жүйелі түрде бұзатын азамат болып шықты.

"Тараз қаласының ПБ Жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары арқылы жүргізілген іздестіру іс-шаралары барысында бұл көлік анықталып, облыс орталығының көшелерінде тоқтатылды. Қазіргі уақытта автокөлік барлық айыппұлы толық төленгенге дейін арнайы айып тұрағына қойылды", — делінген мәліметте.

Social Link

Follow Me On Social Media