What are you looking for?

IBA ұйымдастырған әлем чемпионаты: төрт қазақстандық боксшы финалға шықты

12.12.2025

Халықаралық бокс ассоциациясының (IBA) ұйымдастыруымен Біріккен Араб Әмірліктерінде өтіп жатқан әлем чемпионатының финалына шыққан елдер белгілі болды, деп хабарлайды Qazsport телеарнасы.

IBA ұйымының ұйымдастыруымен өтіп жатқан байрақты бәсекеде 7 мемлекеттің спортшылары алтынға таласады.

Телеарна мәліметінше, Ресейден 12, Өзбекстаннан 6, Қазақстаннан 4, Әзербайжан, Белорусь, Қырғызстан және Тәжікстаннан бір-бірден боксшы финалға шықты.

Қазақстан құрамасының 4 боксшысы ақтық сында жұдырықтасады.

  • 54 кг салмақта Сәкен Бибосынов ресейлік Вячеслав Рогозинмен рингке шығады.
  • 57 кг салмақ бойынша Оразбек Асылқұлов тәжік боксшысы Хусравхон Рахимовпен жұдырықтасады.
  • 71 кг салмақта Абылайхан Жүсіпов ресейлік Сергей Колденковпен алтынға таласады.
  • 75 кг салмақты Сабыржан Аққалықов ресейлік Исмаил Муцольговпен рингке шығады.

Айта кетейік, IBA турнирінде әлемнің мықты боксшылары 13 салмақ дәрежесі сынға түсіп жатыр. Жүлде қоры: чемпиондар — 300 мың доллар, күміс жүлдегерлер — 150 мың доллар, қола жүлдегерлер — 75 мың доллар, ал ширек финалистер 10 мың доллар алады.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз

Social Link

Follow Me On Social Media