What are you looking for?

Астана – Ерейментау – Шідерті тасжолында ірі жол апаты болды: бір адам қаза тапты

13.12.2025

13 желтоқсан күні Астана – Ерейментау – Шідерті автожолының 94-95-шақырымында жеті автокөлік соқтығысты, деп хабарлайды Zakon.kz.


Алдын ала мәлімет бойынша, жол апаты салдарынан екі адам түрлі дене жарақатымен медициналық мекемеге жеткізілген. Бір жолаушы оқиға орнында қаза тапты.

"Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Оның нәтижесі бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданады", — делінген хабарламада.

Полиция департаменті жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында жүргізушілерге жылдамдық режимін қатаң сақтау, әсіресе қозғалыс қарқынды учаскелерде абай болу, сондай-ақ көлік құралдарының техникалық жағдайын тұрақты түрде бақылау қажеттігін еске салды.

Social Link

Follow Me On Social Media