Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Мемлекет басшысының өкімімен Айбек Смадияров Президент Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды", – делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін ол Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі қызметін атқарған.