Ертең, 16 желтоқсан — Тәуелсіздік күнінде еліміздің көптеген өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды. Синоптиктер кей аймақта көктайғақ болып, қар жауатынын хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
16 желтоқсанда Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
16 желтоқсанда түнде және таңертең Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Алматы қ.: 16 желтоқсанда түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтіледі. Қонаев қ.: 16 желтоқсанда түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
16 желтоқсанда түнде Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында, күндіз облыстың таулы аудандарында қар күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында жаяу бұрқасын, көктайғақ. Облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы аудандарында тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 15-20 м/с. Шымкент қ.: 16 желтоқсанда күннің соңында көктайғақ күтіледі. Кей уақыттарда тұман. Түркістан қ.: 16 желтоқсанда кей уақыттарда тұман күтіледі.
16 желтоқсанда Жетісу облысының таулы аудандарында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында тұман, көктайғақ. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Талдықорған: 16 желтоқсанда түнде және таңертең тұман күтіледі.
16 желтоқсанда Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында қар, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Жезқазған қ.: 16 желтоқсанда түнде және таңертең қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с.
16 желтоқсанда Қызылорда облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында аздаған жауын-шашын (көбіне қар), көктайғақ күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде 15-20 м/с күтіледі. Қызылорда қ: 16 желтоқсанда түнде көктайғақ күтіледі.
16 желтоқсанда Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, түнде облыстың солтүстігінде кей уақыттарда 23 м/с. Қарағанды қ.: 16 желтоқсанда кей уақыттарда қар, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
16 желтоқсанда Ақтөбе облысынның солтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
16 желтоқсанда Қостанай облысында қар, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік,-батысытан, батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с. Қостанай қ.: 16 желтоқсанда түнде және таңертең қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с.
16 желтоқсанда түнде Абай облысының оңтүстігінде қар, жаяу бұрқасын, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні 25 м/с. Семей қ.: 16 желтоқсанда жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-18 м/с күтіледі.
16 желтоқсанда түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қар, жаяу бұрқасын, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с.
16 желтоқсанда түнде Павлодар облысының батысында, солтүстігінде қар, жаяу бұрқасын, күндіз қар, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Павлодар қ.: 16 желтоқсанда күндіз қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/
16 желтоқсанда Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында, орталығында тұман, көктайғақ күтіледі. Ақтау қ.: 16 желтоқсанда түнде тұман, көктайғақ күтіледі.
16 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысының шығысында, солтүстік-шығысында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
16 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысында қар, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с. Петропавл қ.: 16 желтоқсанда қар, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20, түнде екпіні 25 м/с.
16 желтоқсанда күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында, күндіз облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Тараз қ.: 16 желтоқсанда кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі.
Астана қ.: 16 желтоқсанда қар, бұрқасын, жолдарда көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады 15-20, екпіні 25 м/с
16 желтоқсанда Ақмола облысында қар, бұрқасын, жолдарда көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с. Көкшетау қ.: 16 желтоқсанда қар, бұрқасын, жолдарда көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с.
Қарағанды қ.: 15 желтоқсанда алдағы сағатта және күннің соңына дейін оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз