What are you looking for?

"Волка с Уолл-стрит" фильмінің жұлдызы Роб Райнердің өліміне ұлы күдікті ретінде танылды

16.12.2025

Лос-Анджелес полициясы аты аңызға айналған голливудтық режиссёр Роб Райнер мен продюсер Мишель Сингер Райнердің өліміне олардың ұлы Ник Райнер "жауапты болуы мүмкін" деп мәлімдеді. Толығырақ Zakon.kz ақпаратында.


Белгілі болғандай, 13 желтоқсанда Конан О’Брайеннің үйінде өткен мерекелік кеш барысында 32 жастағы Ник Райнер әкесімен жанжалдасқаны байқалған. Осыдан кейін ол кісі өлтірді деген күдікпен ұсталып, кепілдікпен босату құқығынсыз қамауға алынған. Бұл туралы CNN өз дереккөзіне сілтеме жасап жазды.

Нақтылай кетсек, жексенбі күні ерлі-зайыптылардың қызы олардың Брентвудтағы үйінен ата-анасының мәйіттерін тапқан.

Бұған дейін АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында режиссёр Роб Райнер мен оның жұбайы Мишельдің өлі табылғаны хабарланған болатын. БАҚ деректеріне сәйкес, ерлі-зайыптылар пышақ жарақатынан көз жұмған.

People журналының дереккөздері қылмысқа жұптың ұлы – сценарист Ник Райнердің қатысы болуы мүмкін екенін хабарлады. Айта кету керек, ол ұзақ уақыт бойы есірткіге тәуелділіктен зардап шегіп келген.

Роб Райнер шығармашылық отбасында дүниеге келген. Оның анасы Эстелль Райнер актриса болған, ал әкесі Карл Райнер — комик, актёр, режиссёр және сценарист, "Эмми" сыйлығының тоғыз дүркін иегері.

Бұған дейін Дмитрий Дибровтың бұрынғы әйелі алғаш рет көңіл қосқан адамымен бірге көпшілік алдына шыққанын жазғанбыз.

Social Link

Follow Me On Social Media