Мемлекет басшысы энергетика саласы қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады. Ақордада өткен салтанатты жиында сөз сөйлеген Қасым-Жомарт Тоқаев ресурстарды үнемдеп пайдалануға шақырды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Президенттің айтуынша, азаматтар да бұл мәселеге жауапкершілікпен қарауы керек.
"Электр қуаты, жылу және су – тұрмысқа аса қажетті игіліктер. Соның бәрін үнемдеп, ақылмен пайдаланған абзал. Жалпы, бұл – тұтас экономикаға ортақ талап. Ысырапшылдыққа жол беруге болмайды.
Халқымыз "Үнемшілдік – ырыстың кілті" деп бекер айтпаған. Біз осы қасиетті ұлттық дағдымыз етіп, қоғамда мүлдем жаңа мәдениет қалыптастыруымыз керек.
Сіздердің қажырлы қызметтеріңіз – еліміздің энергетикалық дербестігінің мызғымас кепілі. Әділетті, Таза, Қуатты Қазақстанда өздеріңіз сияқты еңбек адамдары ең жоғары сый-құрметке лайық", — деді мемлекет басшысы.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз