Бүгін таңертең Алматыдан Астанаға бет алған Air Astana әуе компаниясының ұшағы шұғыл түрде Алматы әуежайына қайта қонды.
Компанияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, ұшақ бортында түтін шығып, экипаж сағат 7.38-де MAYDAY апаттық дабылын жариялаған. Артынша 7.40-та ұшақ Алматы әуежайына сәтті қонды. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында әуежайдың өртке қарсы және апаттық-құтқару қызметі жұмылдырылды. Алдын ала мәліметтер бойынша, жолаушылар мен экипаж мүшелері арасында зардап шеккендер жоқ. Рейс жолаушыларына сусындар мен ұсынылды. Осы жағдай бойынша техникалық тексеру жүргізіледі, — деп хабарлады компаияның баспасөз қызметі. Ал жолаушыларға басқа борт берілді.