What are you looking for?

ҰБТ трансформациясы қашан басталды: вице-министр жауап берді

17.12.2025

Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова Ұлттық бірыңғай тестілеудің трансформациясы қалай жүзеге асатынын түсіндірді, деп хабарлайды Kazinform агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Гүлзат Көбенованың айтуынша, министрлік ҰБТ форматын жетілдіру мақсатында америкалық ETS компаниясымен бірлескен жұмысты бастаған. Трансформация кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.

"2027 жылдан бастап пилоттық режимде енгізіліп, одан кейін 2029 жылға дейін ауқымды түрде кеңейту жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта формат бұрынғы күйінде қалады", — деді вице-министр мәжіліс кулуарында.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз

Social Link

Follow Me On Social Media