"Қазгидромет" синоптиктері 2025 жылғы 19 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Метеорологтардың мәліметінше, елімізге солтүстік-батыс циклоны әсер етіп, қар мен боран алып келеді.
Мамандардың айтуынша, 19 желтоқсанда Қазақстанның басым бөлігінде ауа райын солтүстік-батыс циклоны және оған байланысты атмосфералық фронтальды жүйелер айқындайды.
"Қар жауып, боран соғады, елдің батысында жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын күтіледі", — делінген "Қазгидромет" баспасөз қызметінің хабарламасында.
Сондай-ақ республика аумағында тұман түсіп, көктайғақ болып, жел күшейеді деп болжануда.