What are you looking for?

Маңғыстаулық педагог оқушыға болашақ мамандығын таңдауға көмектесетін бот әзірледі

18.12.2025

Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі мәлім етті.


Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы Ақшұқыр мектеп-лицейінде педагог- кәсіби бағдар беруші болып қызмет атқаратын Назерке Жантаңатова "PROF-Guide" жобасын жасап шығарды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жоба оқушыларға мамандық таңдау бойынша нақты және жүйеленген ақпарат ұсынып, ата-ана – маман – оқушы арасындағы байланысты нығайтуды көздейді.

Онда кәсіби бағдарлау бойынша тесттер жиынтығы, мамандық таңдауға арналған кеңестер, бейіндік пәндерге сәйкес мамандықтар, Қазақстандағы ЖОО және колледждер, жаңа мамандықтар туралы нақты ақпараттар топтастырылған.

"Соңғы уақытта оқушылардың "Қай мамандықты таңдасам болады?", "Гранттар туралы ақпаратты қайдан тапсам болады?" деген сұрақтарды жиі қойып жүргенін байқадым. Мұндай сауалдар көбейген сайын кәсіби бағдар беру жұмысын жеңіл әрі қолжетімді ету қажеттілігі артты. Сол себепті оқушыларға нақты бағыт беретін "PROF-Guide" атты Telegram ботын жасадым", – дейді Назерке Жантаңатова.

Бұл тек автоматты жүйе емес. Оқушылар мен ата-аналар өз сұрақтарын бот арқылы жолдап, жоба авторынан өз сұрақтарына жауап ала алады.

Social Link

Follow Me On Social Media