What are you looking for?

Қасым-Жомарт Тоқаев Жапония Императоры Нарухитомен кездесті

18.12.2025

Президент қонақжайлық танытқаны үшін Жапония Императорына ризашылығын білдірді.


Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Күншығыс елінің тәртібі мен табандылығын әуелден үлгі тұтатынын атап өтті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Сондай-ақ, екі елді өзара құрмет пен түрлі саладағы табысты ықпалдастыққа негізделген байырғы достық қатынастар біріктіретінін жеткізді.

Император Нарухито Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сапары Жапония мен Қазақстан арасындағы байланыс тарихында елеулі уақиға ретінде қалатынын және екіжақты қарым-қатынасты жаңа деңгейге шығаратынын айтты.

Мемлекет басшысы мен Император өзара ынтымақтастық мәселелері және халықаралық күн тәртібі жөнінде пікір алмасты.

Social Link

Follow Me On Social Media