What are you looking for?

Әзербайжан мұнайының алғашқы партиясы Арменияға жол тартты

18.12.2025

Армения премьер-министрі Никол Пашинян Әзербайжаннан Арменияға алғашқы мұнай өнімдері партиясының жөнелтілуін құптайтынын мәлімдеді.

Армян БАҚ-тары хабарлағандай, бұл туралы Армения үкіметінің басшысы бүгін брифинг барысында айтқан.

«Әзербайжанда өндірілген мұнай өнімдері тиелген алғашқы пойыз құрамы қазірдің өзінде Арменияға жол тартты. Бұл үрдісті құптаймын», – деді Никол Пашинян.

Оның айтуынша, сауда жеке компаниялар арасында жүзеге асуда, алайда мұндай ынтымақтастыққа саяси жағдайды Баку мен Ереван арасында орнаған бейбітшілік қамтамасыз еткен.

Айта кетейік, бүгін Әзербайжанның алғашқы мұнай өнімдері партиясы Арменияға Биляджари станциясынан жөнелтілді.

Social Link

Follow Me On Social Media