What are you looking for?

Мәдениет министрлігі автокөліктерге мемлекеттік туды ілуге қатысты түсініктеме берді

18.12.2025

Мәдениет және ақпарат министрлігі автокөліктерге мемлекеттік туды ілуге қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ведомствоға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Министрліктің мәліметінше, Тәуелсіздік күнін мерекелеу барысында әлеуметтік желілерде мемлекеттік туды автокөліктерде пайдалану мәселесі кеңінен талқыланған.

"Атап айтқанда, автокөлік сыртына мемлекеттік туды ілген азаматтарды жол-патрульдік полиция қызметкерлері түрлі себептермен тоқтатқаны жөнінде ақпараттар жарияланды.

Айта кетейік, мемлекеттік туды көлікке орналастырған азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі мен аймақтық полиция департаменттерінің түсіндіруінше, 16 желтоқсанда көлік жүргізушілері тек жол қозғалысы ережелерін бұзған жағдайда ғана тоқтатылған", — делінген хабарламада.

Министрлік мемлекеттік рәміздерді қолданудың заңмен белгіленген ережелері бар екенін еске салды.

"ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі олардың дұрыс қолдану тәртібін қадағалайды. Біз азаматтардың патриоттық сезімін білдіру, қазақстандық бірегейлікті сақтау, ел мен азаматтардың жетістіктерін насихаттау мақсатында мемлекеттік рәміздерді пайдалануды қолдаймыз, бірақ ол қолданыстағы заңнама шеңберінде жүзеге асуы тиіс.

Қазақстанда "Заң және тәртіп" қағидасы түрлі жағдайлар мен азаматтық белсенділікке қарамастан, барлығына бірдей", — делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Ішкі істер министрлігі 16 желтоқсанда Шымкент және Алматы қалаларында полиция қызметкерлері мемлекеттік ту ілген көліктерді неліктен тоқтатқанын түсіндірген еді.

ІІМ өкілінің айтуынша, жүргізушілер ту ілгені үшін емес жол ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз

Social Link

Follow Me On Social Media