What are you looking for?

Тоқаевтың Жапонияға сапары: президентті Токио әуежайында Күншығыс елінің министрі қарсы алды (фото)

18.12.2025

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияға ресми сапармен барды. Ертең, 18 желтоқсанда ол бірқатар маңызды кездесу өткізеді, деп хабарлайды Ақорда.

Қазақстан президентін Токио қаласының Ханэда халықаралық әуежайында Жапонияның мемлекеттік сыртқы істер министрі Аяно Кунимицу қарсы алды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Токио әуежайында. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы ертең Жапония императоры Нарухитомен және премьер-министр Санаэ Такаичимен келіссөздер жүргізеді. Ертең мемлекет басшысы Жапония императоры Нарухитомен және премьер-министр Санаэ Такаичимен келіссөздер жүргізеді.

Қазақстан және Жапония тулары
Қазақстан және Жапония тулары. Фото: Ақорда

Ақорда бұған дейін Қазақстан президенті Орталық Азия-Жапония саммитіне қатысатынын хабарлаған болатын. Сапар 20 желтоқсанға дейін жалғасады.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз

Social Link

Follow Me On Social Media