What are you looking for?

Алтынның құны кезекті мәрте көтерілді

19.12.2025

2026 жылдың ақпанында Comex биржасында (Нью-Йорк тауар биржасының бөлімшесі) жеткізілетін алтын фьючерстерінің құны тарихи максимумды жаңартты, деп хабарлайды Zakon.kz.


Нарық деректеріне көз жүгіртсек, алтын қазір троя унциясы үшін 4 400 доллардан асты.

Қазақстан уақыы бойынша 21:13-те, қымбат металдың бағасы 0,92%-ға өсіп, троя унциясы үшін 4 401,9 долларды құрады.

21:18-ге қарай алтынның құны бір унция үшін 4 407,5 долларға дейін көтерілді (+1,05%).

Бұған дейін ақшыл-күміс металдар бағасы соңғы 17 жылда алғаш рет күрт көтерілгенін жазғанбыз.

Social Link

Follow Me On Social Media