What are you looking for?

Қазақстандық хоккейші Финляндия чемпионатына ауысты

19.12.2025

Александр Ким өткен маусымда АҚШ чемпионатында өнер көрсеткен.


Александр Ким Финляндия чемпионатында "Эссят" клубының құрамында өнер көрсетеді. Ол Пори қаласының командасымен екі жылдық келісім-шартқа қол қойды.

Ағымдағы маусымды 20 жастағы хоккейші Поридегі клубтың жастар командасында бастап, 27 матчта 43 (24+19) ұпай жинап, лиганың үздік сұрмергені атанды.

Өткен маусымда Астана түлегі АҚШ-та ойнап, "Бисмарк Бобкэтс" клубы сапында чемпион атанды.

20 жастағы Александр Финляндия чемпионатының жоғарғы дивизионында өнер көрсететін Қазақстан тарихындағы екінші хоккейші атанды. Бұған дейін алғашқы болып шабуылшы Игорь Кузнецов ойнаған. Ол 1989–1991 жылдары ХПК клубының құрамында екі маусым өткізді.

Social Link

Follow Me On Social Media