What are you looking for?

Газа секторында суықтан 17 адам көз жұмды

19.12.2025

Бұл туралы Газаның Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді.


Биыл қыс Газа секторы үшін жығылғанға жұдырық болып тұр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қазірдің өзінде 17 адамға суық өтіп, көз жұмған. Оның төртеуі – бала.

Аймақта күн күрт суытты. Суық желдің ызғары мен толассыз жауған жаңбыр жұрттың мазасын қашырды. Әсіресе лагердегі жұртқа қиын. Баспанадан айырылған жүздеген мың адам қазір жұқа шатырларды паналап отыр.

Өңірде дәрі-дәрмек, жылы киім мен отын тапшы. Шатырда тоңған жұрт қолдан пеш жағып, жылынуға тырысады. Алайда, ыстан зардап шегеді.

Social Link

Follow Me On Social Media