What are you looking for?

Отандық телеарналар Түркия аумағында хабар таратады

19.12.2025

Отандық телеарналар енді Түркияның ақпараттық кеңістігінде хабар таратады.


Бұл туралы Анкарада өткен кездесуде Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов мәлімдеді, деп жазды Caravan.kz медиа порталы zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Қанат Ысқақов Түркия Президенті жанындағы Коммуникациялар басқармасының басшысы Бурханеттин Дуранмен жүздесіп, Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның сәлемін жеткізді.

Кездесу барысында тараптар қазақстандық телеарналардың Түркия аумағында хабар таратуына қатысты уағдаластыққа қол жеткізді, деп жазады qazaqstan.tv.

Сондай-ақ, екі ел арасындағы ақпараттық ынтымақтастықты нығайту, мемлекет басшылары жүктеген міндеттерді жүйелі түрде іске асыру мәселелері талқыланды.

Вице-министрдің айтуынша, тараптар бірлескен медиа жобаларды жүзеге асыруға, соның ішінде мәдени және тарихи мұраны насихаттау, туризмді дамыту, инвестициялық әлеуетті арттыру бағытындағы ортақ жобаларды пысықтауға келісті. Бұдан бөлек, дезинформацияға қарсы іс-қимыл, ақпарат алмасуды күшейту мәселелеріне де назар аударылды.

«Ең басты мақсат – ортақ міндеттер мен түркі мемлекеттерінің біртұтас мүддесі аясында бірлескен жұмысты жалғастыру, – деді Қанат Ысқақов.

Social Link

Follow Me On Social Media