7 елде ғана ауа сапасы ДДСҰ белгілеген нормаларға сәйкес келеді.
IQAir компаниясы әлем елдеріндегі ауа сапасына қатысты 2024 жылы жүргізген зерттеуінің қорытындысын жариялады. Зерттеу әлемнің 7 елінде ғана ауадағы PM2.5 микробөлшектерінің деңгейі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы белгілеген нормаларға сәйкес келетінін көрсеткен.
2024 жылы PM2.5 деңгейі бұл елдерде белгіленген нормадан кемінде 10 есе, ал Чадта 18 есе жоғары болған. Сонымен қатар, әлемдегі ең нашар ауасы бар 10 қаланың 6-уы Үндістанда орналасқан.
- Ауасы ең таза елдер: Исландия, Австралия, Жаңа Зеландия, Эстония және бірнеше шағын арал мемлекеттері. Бұл елдерде ауадағы PM2.5 деңгейі 1 шаршы мерт үшін 5 микрограмнан аспайды, яғни ДДҰ талаптарына толықтай сәйкес келеді.
- Ауасы ең лас елдер: Чад, Пәкістан, Бангладеш, Конго Демократиялық Республикасы және Үндістан.
"Ауаның ластануы адам денсаулығы үшін де, қоршаған орта үшін де маңызды қауіптің бірі болып қалып отыр. Алайда көп адам өзінің оған қандай ықпал етіп отырғанын біле бермейді. Ауа сапасы туралы мәліметтер адамдардың өмірін құтқарады. Бұл мәліметтер саяси шешімдер қабылдауға, денсаулық сақтау мекемелеріне жұмысын реттеуге және адамдарға қоршаған ортаны қамқор болуға ықпал етеді", – деді IQAir жаһандық бас директоры Фрэнк Хэммес.
Оқи отырыңыз: Алматының әр тұрғыны жылда 487 дана темекіге тең лас ауа жұтады – зерттеу