What are you looking for?

Мемлекет басшысы Санкт-Петербург қаласына келіп жетті

21.12.2025

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылы 21 желтоқсанда Ресейдің Санкт-Петербург қаласына барды, деп хабарлайды Zakon.kz.


Президентті "Пулково" халықаралық әуежайында Санкт-Петербург қаласының губернаторы Александр Беглов пен Ленинград облысының губернаторы Александр Дрозденко қарсы алды, делінген Ақорда баспасөз қызметінің хабарламасында.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың Санкт-Петербургке баратыны хабарланған. Онда Мемлекет басшысы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы мен ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысатыны белгілі.

Social Link

Follow Me On Social Media