What are you looking for?

Ақтөбе облысында қала әкімі өз-өзіне қол жұмсады

22.12.2025

Ақтөбе облысында Темір қаласының әкімі Еркін Далмағамбетовтің мәйіті табылды, деп жазады Egemen.kz.


Жайсыз хабарды полиция департаменті де растады. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Анықталғандай марқұм өз-өзіне қол салған. Бұдан өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жарияланбайды.

Ресми деректерге сәйкес, Еркін Далмағамбетов Темір қаласының әкімі қызметіне 2024 жылдың маусым айында тағайындалған.

Қосымша ақпарат тергеу нәтижесіне қарай жарияланады.

Social Link

Follow Me On Social Media