What are you looking for?

Ұлттық құрамадан екі боксшы енді: World Boxing "Жылдың үздік боксшысы" атағына үміткерлерді жариялады

22.12.2025

World Boxing халықаралық федерациясы "Жылдың үздік боксшысы" атағына үміткерлерді жариялады, деп хабарлайды Olympic.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Басылымның мәліметінше, үміткерлер тізіміне Қазақстан ұлттық құрамасының екі боксшысы енген.

Ерлер арасында биыл әлем чемпионатында жеңіске жетіп, Астанада өткен Әлем кубогының кезеңінде топ жарған Махмұд Сабырхан номинацияға ұсынылған.

Ал әйелдер арасында 2025 жылғы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алған Наталья Богданова үміткер атанып отыр.

Айта кетейік, әр номинация бойынша бес боксшыдан ұсынылған. Дауыс беру 26 желтоқсанға дейін жалғасады және Instagram желісінде жанкүйерлер арасында "1 лүпіл = 1 дауыс" ережесімен өткізіледі.

Осы сілтеме арқылы дауыс беруге болады.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз

Social Link

Follow Me On Social Media