XXV қысқы Олимпиада ойындары 2026 жылғы 6–22 ақпан аралығында Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтеді.
Әлем кубогы кезеңдерінің (АҚШ, Канада, Нидерланд, Норвегия) қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 12 олимпиадалық лицензия жеңіп алды.
Жаттықтырушылар штабының шешімімен 2026 жылғы қысқы Олимпиадада ел намысын қорғайтын спортшылар: Евгений Кошкин, Кристина Силаева, Елизавета Голубева, Надежда Морозова, Арина Ильященко.
Бұған дейін мәнерлеп сырғанаудан Михаил Шайдоров пен Софья Самоделкина екі жолдама иеленсе, шорт-трекшілер тағы 9 лицензия алды. Қазіргі таңда Қазақстан құрамасының қоржынында 23 лицензия бар.