Шымкентте бокстан екі дүркін әлем чемпионы Сәкен Бибосыновқа құрмет көрсетілді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Шымкентте Орталық Азия Инновациялық университетінде университет түлегі Сәкен Бибосыновпен кездесу өткен.
Кездесуде танымал боксшы өзінің спорттағы жолы, табандылық пен тәртіптің маңызы, жеңіске жетудегі еңбек пен сенім туралы ойын бөліскен.
Шара барысында университет басшылығы Сәкен Бибосыновқа екі миллион теңге көлемінде қаржылай сыйақы табыстап, сәйгүлік мінгізіп, шапан жапқан.
"Бұл – ел мерейін асырған спортшыға көрсетілген зор құрметтің белгісі. Бұл кездесу студенттер үшін үлкен мотивация болып, жастарды спортқа, табандылыққа және елге қызмет етуге шабыттандырды", — делінген хабарламада.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от OAIU (@oaiu.kz)
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз