What are you looking for?

Қостанай облысында 963 млн теңгелік алимент қарызы өндірілді

24.12.2025

Бұл туралы облыстық прокуратура хабарлады.


Биыл алимент төлемеген 72 адам қылмыстық, 306 адам әкімшілік жауапқа тартылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Облыс прокуратурасының араласуымен сот орындаушылар алимент бойынша 963 млн теңге қарызды өндіріп алды.

Қарызды өндіру үшін борышкерлердің банк шоттары мен мүлкіне тыйым салу, елден шығуына шектеу қою сияқты шаралар қолданылған. Сонымен қатар борышкерлердің тұрғылықты жері бойынша рейдтер жүргізіліп, көліктері ұсталды.

380-нен астам алимент төлеушіге тұрақты жұмыс табуға көмектесілген. Соның арқасында балалар ай сайынғы төлемін ала бастады.

Ал ата-аналық міндетін орындаудан қашқан, табысын жасырған борышкерлер әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Social Link

Follow Me On Social Media