Ұлттық банктің ресми бағамы — 510,18 теңге.
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы қымбаттады.
Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,88 теңгеге қымбаттап, 511,00 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы — 510,18 теңге.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 512,79 теңгеден сатып алынады, 515,29 теңгеден сатылады. Еуро 600,38 — 605,58 теңге, ал рубль 6,41 — 6,53 теңге аралығында саудаланады.
Оқи отырыңыз: Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18% деңгейінде қалдырды
Елорданың ақша айырбастау орындарында доллар 510,50 теңгеден сатып алынады, 517,50 теңгеден сатылады. Еуроны сатып алу — 601,49 теңге, сату — 611,49 теңге. Ал рубль 6,40 — 6,55 теңге аралығында саудаланып жатыр.