What are you looking for?

TikTok-тағы ең танымал әжей қайтыс болды

25.12.2025

TikTok әлеуметтік желісінде танымалдылыққа ие болған Агнес есімді әжей қайтыс болды. Желіде Epic Gamer Grandma деген лақап атпен танылған ол 78 жасында дүние салды, деп хабарлайды Zakon.kz.


People басылымының жазуынша, Агнестің денсаулығына қатысты алаңдатарлық хабарлар қазан айында-ақ тараған. Сол кезде ол ауыр инсульт алған.

Әйел ауруханаға жатқызылып, әлеуметтік желілерде жанкүйерлерінен "оның денсаулығы үшін дұға етуді" сұраған болатын.

Алайда, көп ұзамай қайғылы хабар да жетті – сейсенбі, 23 желтоқсанда Агнес өмірден өтті. Оның қайтыс болғанын немересі Кулсан растады.

"Ол бұл дүниеден дәл өзі өмір сүргендей – махаббатқа бөленіп кетті", – деді ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от epic gamer grandma (@epicgamergrandma)

Айта кетейік, интернет-жұлдыздың шын есімі – Агнес. Оның TikTok желісінде 2,4 миллионнан астам, ал Instagram-да 859 мың жазылушысы болған. Қазір оқырмандар танымал интернет-блогердің қазасына қайғырып, көңіл айтуда.

Бұған дейін Алматыдағы автобуста болған әжейге қатысты жағдай қазақстандықтардың ашуын туғызғанын жазғанбыз.

Social Link

Follow Me On Social Media