What are you looking for?

"Достық-Бескөл" бағыты бойынша қозғалыс ашылады

13.03.2025

Жақында жаңа бағытта жол жүретін теміржол стансаларында жол қозғалысы ашылады.

Қазақстанда наурыз айының соңына дейін "Достық — Бескөл" станциялары арасындағы екінші жолдарда қозғалыс ашылады. Бұл туралы Көлік министрлігінің теміржол және су көлігі комитеті хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Аталған бағыт "Достық-Мойынты" жобасының бір бөлігі саналады. Бұған дейін 127 шақырымдық "Балқаш-Мойынты" учаскесінде қозғалыс іске қосылды.

Жалпы ұзындығы 166 шақырымды құрайтын жаңа бағытта қазіргі таңда соңғы құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Учаскенің ашылуы транзиттік тасымалдау әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді.

Жалпы ұзындығы 836 шақырымды құрайтын "Достық-Мойынты" теміржол жобасының толық аяқталуы осы жылдың ортасына жоспарланған.

Social Link

Follow Me On Social Media