Аргентиналық аңыз футболшы Диего Марадонаның жыртылған футболкасы Matchday Football Auctions аукционында 179 мың долларға сатылды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Mundo Deportivo мәліметінше, жейде бастапқыда 145 мың долларға сатылған, алайда 23 пайыздық комиссияны ескергенде оның түпкілікті бағасы 179 мың доллар болған, теңгеге шаққанда 92 миллионнан асады.
Бұл аукционда сатылған ең қымбат зат — Марадонаның клубтық жейдесі.