What are you looking for?

Оралда еріген қар суы жолды басып қалды

13.03.2025

Оралда еріген қар суы жолды басып қалды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ТЖД мәліметінше, Сарыарқа шағынауданында қалың қар еруі салдарынан қалаішілік тасжолдың ойпатты бөлігіне су жиналып, екі шағынауданды байланыстыратын жолға еріген су жайылған.

"Көлік қозғалысы тоқтаған жоқ және халық үшін қауіп жоқ. Бұл жерде Батыс Қазақстан облысының ТЖД бөлімшелері жұмыс істеп жатыр. Олар мотопомпалардың көмегімен су айдап жатыр. Сондай-ақ, полиция қызметкерлері мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері жұмылдырылды. Жағдай бақылауда", — деп жазылған хабарламада.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті (@112batyskz)

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Social Link

Follow Me On Social Media