What are you looking for?

World Boxing: Махмұд Сабырхан үздік боксшы атанды

27.12.2025

Халықаралық World Boxing бокс федерациясы жанкүйерлердің дауыс беру қорытындысы бойынша қазақстандық Махмұд Сабырханды 2025 жылдың ерлер арасындағы үздік боксшысы деп атады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сабырханнан бөлек, үміткерлер тізіміне Өзбекстанның екі өкілі — Жавохир Умматалиев пен Фазлиддин Эркинбоев, сондай-ақ Бразилияның екі боксшысы — Луис Оливейра мен Юри Фалькао кірді.

Жеңімпаз World Boxing-тің әлеуметтік желілеріндегі үміткерлер туралы жарияланымдардың астындағы лайк саны бойынша анықталды. Ерлер санатында бәсеке өте тартысты өтті: бес финалистің төртеуі 150 мыңнан астам лайк жинады.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Logotype Massaget

Social Link

Follow Me On Social Media