What are you looking for?

Енді банктер алаяқтардан зардап шеккендердің шығынын өтеуге міндетті болуы мүмкін

13.03.2025

Банктер мен ұялы байланыс операторлары алаяқ құрбандарының шығындарын өтеуге міндетті болуы мүмкін.

Қазір елімізде осындай мүмкіндік қарастылып жатыр. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты "ҚазАқпарат" агенттігіне сілтеме жасап.

"Екінші деңгейлі банктер мен ұялы байланыс операторларына олардың инфрақұрылымын пайдалана отырып жасалатын алаяқтық іс-қимылдар үшін зардап шеккен азаматтың шығындарын өтеу міндеттемесі бар ынтымақты жауапкершілік жүктеу бастамасы қарастырып жатыр", — делінген министрліктің "ҚазАқпарат" агенттігінің сауалына берген жауабында.

Ақпаратқа сәйкес, елімізде құқық қорғау органдары, екінші деңгейлі банктер және Қаржылық мониторинг агенттігі азаматтар мен қаржы жүйесін алаяқтардан қорғауға бағытталған кешенді іс-шараларды жүзеге асырып жатыр.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, мұндай іс-шараның бірі – екінші деңгейлі банктер жүйесін құқық қорғау органдарының деректер базасымен қосуды көздейтін Деректер базасын ықпалдастыру жобасы.

Social Link

Follow Me On Social Media