What are you looking for?

Жалғас Жұмағұлов чемпиондық атаққа таласады

28.12.2025

Отандасымыз еуропалық UFC саналатын Oktagon турнирінде сынға түседі.


Бүгін, желтоқсанның 28-нен 29 қараған түні қазақстандық спортшы Жалғас Жұмағұлов Чехияның Прага қаласында өтетін Oktagon 81 турнирінде чехиялық Давид Дворжакпен чемпиондық жекпе-жек өткізеді.

Жұмағұлов пен Дворжак Oktagon лигасының ең жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеуі үшін октагонға шығады. Қазіргі таңда бұл белбеу қазақстандық спортшыға тиесілі. Жекпе-жектің тікелей трансляциясы Қазақстан уақытымен шамамен 02:00-де басталады.

Соңғы рет Жалғас Жұмағұлов чемпиондық атақты маусым айында жеңіп алды. Ол грузин Бено Адамияны (12-9-2) жеңді.
Ал Давид Дворжак қыркүйек айында Мохаммед Валидті (8-5) бірінші раундта нокаутпен жеңген.

Social Link

Follow Me On Social Media