What are you looking for?

Алматы тауларында болған қайғылы оқиғадан кейін төтеншеліктер туристерге үндеу тастады

28.12.2025

Қазақстан ТЖМ баспасөз қызметі таулы жерлерде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтаудың маңыздылығын ескертеді, деп хабарлайды Zakon.kz.


Құтқарушылар туристерге мынандай ережелерді жадыда сақтауды ескертеді:

  • маршрутты зерттеңіз: ұзақтығы, биіктік айырмашылықтары, күрделі жерлері, демалатын орындар;
  • 112 қызметіне, туыстарыңызға немесе достарыңызға қайда, қашан баратыныңызды және қай уақытта оралатыныңызды ескертіңіз;
  • ауа райы болжамын тексеріңіз, тауда ол күрт өзгеруі мүмкін: боран, қар жауу қаупі бар;
  • жергілікті жермен танысыңыз: карта, компас, GPS немесе навигатор алыңыз;
  • дене дайындығыңызды пысықтаңыз, әсіресе маршрут күрделі болса, биікке көтерілу қажет болса;
  • егер қар көшкіні қаупі туралы ескерту жарияланса, тауға шығудан бас тарту ұсынылады. Жаңадан жауған қалың қар байқалса, сапарды екі-үш күнге шегеріп, қардың отыруын күткен дұрыс!

Бұған дейін Алматы тауларына саяхаттаған үш жігіт ұшты-күйлі жоғалып кеткені хабарланған. Кейіннен бірінің, одан соң екеуінің де денесі табылды.

Social Link

Follow Me On Social Media