What are you looking for?

Атырауда 3 адам көмірқышқыл газына уланып қаза тапты

29.12.2025

Атырау маңындағы Томарлы ауылындағы жеке тұрғын үйде үш адам көмірқышқыл газынан уланып көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.


Қайғылы оқиға 28 желтоқсанда, шамамен сағат 13:40-та болған. Алдын ала мәлімет бойынша, газбен жұмыс істейтін жылыту пешінде тартудың жоқтығы оқиғаға себеп болған.

Үйде 1958 жылы туған ерлі-зайыпты және 1953 жылы туған ер адам болған. Үшеуі де оқиға орнында қайтыс болды. ТЖД қызметкерлері шақырту бойынша оқиға орнына барған.

Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы нақтыланып жатыр.

Social Link

Follow Me On Social Media