What are you looking for?

Батыс Қазақстанда жүк көлігі мұз астына түсіп кеткен

29.12.2025

Жүргізуші дер кезінде көліктен шығып үлгерген.


Батыс Қазақстан облысы Октябрьское ауылында Шаған өзеннен өту кезінде жүк көлігі мұз астына түсіп кеткен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқиға орнына ТЖМ күштері жедел жетті. Сүңгуірлер тобы арқанды бекітіп, жүк көлігін судан шығарды. Зардап шеккендер жоқ.

– ТЖМ азаматтарды жабдықталмаған өткелдер арқылы мұзға шықпауға және қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады", – делінген ТЖМ хабарламасында.

Social Link

Follow Me On Social Media