What are you looking for?

Маңғыстауда прокуратураның ықпалымен дәрігерлерге тиесілі 273 млн теңге жалақы төленді

29.12.2025

Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданында медицина мамандарының жалақысы іске прокуратура араласқаннан кейін ғана берілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.


Бас прокуратураның мәліметтеріне қарағанда, тексеру барысында Мұнайлы ауданының прокуратурасы аудандық аурухананың 1040 қызметкерінің құқықтарының бұзылғанын анықтады. Оларға биылғы жылдың қазан айындағы жалақысы белгіленген мерзімде төленбеген.

"Енгізілген қадағалау актісінің нәтижесінде 273 млн теңгеден астам мөлшерде аурухана қызметкерлерінің жалақысы төленді, бұл олардың конституциялық құқықтарын толық қалпына келтіруге мүмкіндік берді", – делінген хабарламада.

Social Link

Follow Me On Social Media