Өзбекстан Республикасы Қазақстанмен шекарадағы "Дәуіт-ата" өткізу пунктіндегі шектеулерді ұзартты. Бұл туралы Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
"Өзбекстанның Экономика және қаржы министрлігі жанындағы Кеден комитетінің "Дәуіт-ата" бақылау-өткізу пункті Өзбекстан-Қазақстан мемлекеттік шекарасынан өтетін жеке тұлғалар мен көлік құралдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында осы өткізу пункті арқылы өтетін жеке тұлғалардың, жеңіл автомобильдер мен автобустардың қозғалысына қатысты шектеуді ұзартады", — делінген хабарламада.
Департаменттің мәліметінше, бұл өткізу пунктін қайта құру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға байланысты.
Бақылау-өткізу пунктінің іргелес жағы – қазақстандық "Тәжен" өткізу пункті (Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы).
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз