Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – баспасөз хатшысы Руслан Желдібай 2025 жылы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ішкі және сыртқы саяси қызметінің күн тәртібі өте қарқынды әрі нәтижелі болғанын айтып, жазба жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Руслан Желдібайдың Telegram-арнасында атап өтілгендей, өтіп бара жатқан жыл ауқымды әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістермен, ең бастысы, азаматтардың өміріндегі оң серпілістермен ерекшеленді.
Жаңа өндіріс орындары ашылып, қамба астыққа толды. Тұрғын үйлер, мектептер мен ауруханалар салынып, көлік жолдары жаңартылды.
Қасым-Жомарт Тоқаев биыл еліміздің 9 өңіріне жұмыс сапарымен барып, 50-ден астам өндірістік, ғылыми, әлеуметтік-мәдени нысанды аралап көрді.
Сондай-ақ Президент 16 облыс және республикалық маңызы бар қала әкімдерінің есебін тыңдады.