What are you looking for?

Қарағанды – Астана бағытындағы республикалық маңызы бар автожол уақытша жабылды

30.12.2025

Ауа райының күрт өзгеруі мен жауын-шашынға байланысты Қарағанды – Астана бағытындағы республикалық маңызы бар автожол уақытша жабылды. Бұл туралы ІІМ-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Осыған орай, облыстық полиция департаментінің патрульдік полиция батальоны қызметкерлері қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында күшейтілген қызмет режиміне көшті.

Полиция жол қозғалысына қатысушыларды ауа райының қолайсыздығын ескеріп, алыс жолдарға шықпауға және қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады", — делінген Telegram-дағы POLISIA.KZ арнасында жарияланған хабарламада.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз

Social Link

Follow Me On Social Media