What are you looking for?

Оралда полицейлер өрт шыққан үйден 45 адамды қауіпсіз жерге эвакуациялады

30.12.2025

Кеше, 29 желтоқсанда түнде Оралдағы шағын аудандардың бірінде орналасқан 9 қабатты тұрғын үйдің 5-қабатында өрт шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.


Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті қызметкерлері — полиция майоры Нұрбек Кдыров пен полиция капитаны Бисен Ернар түтінді байқап, дереу оқиға орнына барған.

Өрт пәтердің қонақ бөлмесінде тұрмыстық заттар мен электр техникасының жануынан шыққаны анықталды. Полиция қызметкерлері бірден тұрғындарды эвакуациялауға кірісті.

Кейін ТЖД қызметкерлерімен бірлесіп 10 адам құтқарылып, барлығы 45 тұрғын эвакуацияланды.

Social Link

Follow Me On Social Media