What are you looking for?

Бестерек трагедиясы: жүргізуші көз жұмған балалардың отбасыларына 50 млн теңге төлейтін болды

31.12.2025

Абай облысы Бестерек ауылында төрт баланың өмірін қиған жол-көлік оқиғасы бойынша кінәлі деп танылған жүргізушіден марқұмдардың ата-анасына 50 миллион теңге моральдық шығын өндірілмек. Бұл туралы Қазақпарат хабарлайды.

Сот материалдарына сүйенсек, жол-көлік оқиғасы кезінде жүргізушінің эпилепсия ұстамасы ұстап, соның салдарынан көлікті басқара алмай қалған.

Сот жаза тағайындау кезінде істі жеңілдететін мән-жайларды, оның ішінде ер адамның кінәсін мойындауын, асырауында кәмелетке толмаған баласы бар екенін ескерді. Сот отырысының қорытындысы бойынша жәбірленуші тараптың азаматтық талап арызы қанағаттандырылып, жауапкер моральдық шығын үшін 50 миллион теңге өтемақы төлеуге міндеттелді. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Еске сала кетейік, қайғылы жағдай 19 тамызда Үржар ауданы Бестерек ауылында болған.

Көлік тізгіндеген 55 жастағы жүргізуші аулада жүрген алты баланы қағып кеткен. Оқиға орынында екі бала көз жұмды. Ал тағы біреуі жедел жәдел жәрдем көлігінде жан тапсырған. 9 жастағы қыз Семейдегі ауруханада көз жұмды. Екі отбасының баласы ауылға қыдырып барғаны белгілі болды.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз

Social Link

Follow Me On Social Media