What are you looking for?

Қазақстанға Еуропа елдерінің бірінен әскери техника жеткізіле бастауы мүмкін

16.09.2026

Қазақстан мен Сербия әскери-техникалық ынтымақтастықты нығайтады. Құрылтай депутаттары екі ел арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық туралы келісімді бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Құрылтайдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құрылтайдың баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл келісімге 2023 жылғы 29 қарашада Белградта қол қойылған.

Құжаттың негізгі мақсаты – екі ел арасындағы өзара тиімді әскери-техникалық ынтымақтастық орнату және одан әрі дамыту. Келісім аясында қару-жарақ пен әскери техниканы өзара жеткізу, оларға қызмет көрсету және жөндеу, бірлескен ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізу көзделген.

Сонымен қатар тараптар технологиялар трансфері, әскери-техникалық көмек көрсету, маман даярлау және оқыту бағыттарында бірлесіп жұмыс атқарады. Екі мемлекеттің әскери инфрақұрылымының мүмкіндіктерін ескере отырып, қару-жарақ пен әскери техника үлгілеріне бірлескен сынақ өткізу де қарастырылған.

Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз

Social Link

Follow Me On Social Media