ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫБіз туралы ↗
Қымыз Ақпарат.
Ақпарат. Көзқарас. Шындық.
Бөлімдер
Жаңалықтар

Тоқаев Малайзия және Грузиядағы елшілерді жаңадан тағайындады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Малайзиядағы, Грузиядағы және Бруней-Даруссаламдағы төтенше және өкілетті елшілерін жаңадан тағайындады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының жарлығымен:

  • Мәлік Мырзалин Қазақстан Республикасының Малайзиядағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Грузиядағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды;
  • Талғат Адуов Қазақстан Республикасының Грузиядағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды.
  • Болат Сүгірбаев Қазақстан Республикасының Малайзиядағы төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Бруней-Даруссаламдағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды.

Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз