What are you looking for?

Шымкент – Сеул жаңа әуе бағыты ашылады

13.03.2025

Биылғы 29 мамырдан бастап қазақстандық SCAT әуе компаниясы « Шымкент – Сеул» бағыты бойынша Кореяға жаңа бағыт ашуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Көлік министрлігінің мәліметінше, ұшулар аптасына екі рет – сейсенбі және жұма күндері орындалады.

Әуе қатынасының ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді деп күтілуде, — делінген мәліметте.

Қазақстан мен Корея арасындағы рейстердің жалпы саны аптасына 8-ден 10-ға дейін артады.

Social Link

Follow Me On Social Media