What are you looking for?

Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасында тікелей әуе рейсі ашылады

13.03.2025

Ұшулар аптасына екі рет орындалады.

Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасында тікелей әуе рейсі ашылады, деп хабарлайды Көлік министрлігінің баспасөз қызметі.

Осы жылдың 29 мамырынан бастап қазақстандық SCAT әуе компаниясы "Шымкент–Сеул" бағыты бойынша Кореяға жаңа бағыт ашуды жоспарлап отыр. Ұшулар аптасына екі рет (сейсенбі және жұма күндері) орындалады.

"Қазақстан мен Корея арасындағы рейстердің жалпы саны аптасына 8-ден 10-ға дейін артады. Әуе қатынасының ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді деп күтіліп отыр", – делінген хабарламада.


Оқи отырыңыз: Аптасына екі рет: Шымкенттен Каирге тікелей әуе қатынасы ашылады


Social Link

Follow Me On Social Media